Вера Түкенқызы Әбішева
Үлгі:Ғалым Вера Түкенқызы Әбішева — филология ғылымының докторы (2010), профессор (2011).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1952 жылы 29 мамырда Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1973, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Алматы Жоғары партия мектебін (1985) бітірген.
1977-91 жылдары Қарағанды облысы комсомол жəне партия органдарында жауапты қызметтер атқарды. 1991-95 жылдары мұражай бастығы, 1995 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қазіргі журналистиканың деонтологиясы: қалыптасу мəселелері (орыс тілді баспа материалынан)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – журналистің сөйлеу мəдениеті, БАҚ тілі мен стилі, журналистикалық деонтология.
80-нен астам ғылыми еңбектің, 1 монография, 2 оқу-əдістемелік құралдың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
Марапттары, атақтары
- "Ерен еңбегі үшін" медалі (1982);
- Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі (2015);<ref>Список ученых, имеющих звание "Член-корреспондент РАЕ".</ref>
- Ресей Жаратылыстану Академиясының "Еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткері" атағы (2015);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" республикалық грантының иегері (2016);
- ҚарМУ филология ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Тен атындағы
- сыйлық (2016);
- Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ "Еңбек сіңірген қызметкері" атағы (2017).<ref>Вера Түкенқызы Әбішева</ref>