Венецианов мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Венецианов мектебі – 19 ғасырдың 2-жартысында А.Венециановтан оқыған орыс суретшілерінің тобы. Ол 70-тен астам суретші тәрбиеленіп шықты. Олар: С.Зарянко (1818-70), А.Тыранов (1808-59), А.Денисов (1811-34), Е.Крендовский (1810-53), Л.Плахов (1810-81), Г.Сорока (1823-64) т.б. Дарынды суретші шәкірттеріне тек қана шындықты жазуды, бір-біріне еліктемей өнерде өз жолын, өз бетін табуды өсиет етті. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Бұл мектептен шыққан суретшілердің еңбектері қарапайымдылығымен, шыншылдығымен көзге түседі. Олар өз шығармаларында күнделікті өмірді, қала кәсіпшілері мен шаруалар тұрмысын, ауыл табиғатың табиғи түрде бейнеледі (Л.Плаховтың Ұста шеберханасында, А.Денисовтың Етікші шеберханасы, Е.Крендовскийдің Суретшілердің аңға жиналуы т.б.). Бірақ олардың көпшілігі ұстазы көтерілген биікке жете алмады. Әйтсе де оның суретшілері орыстың реалистік мектебін ілгері дамытуда мәні зор болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}