Венералық аурулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ВЕНЕРАЛЫҚ АУРУЛАР [лат. venus (venerіs)— ежелгі римдіктердің махаббат құдайы] — негізінен, жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы аурулардың жиынтық атауы. Оларға соз, мерез, трихомоноз, хламидиоз сияқты 20 шақты аурулар жатады. “В. а.” терминін 1527 ж. француз ғалымы Ж. де Бетанкур ұсынған. Ежелгі Мысыр, Қытай жазба ескерткіштеріндегі деректер бойынша В. а. б.з-дан 2500 ж. бұрын белгілі болған. Бірақ олардың барлығын бір ғана ауру деп есептеген. Ауру қоздырғыштары ашылып, зерттелгеннен кейін ғана (19 ғ.) В. а. жеке түрлерге жіктелді. В. а-дың таралуына кездейсоқ жыныстық қатынас, жезөкшелік сияқты әлеум. факторлар көп әсер етеді. В. а-мен сырқаттанған кісілер есепке алынады, міндетті түрде емделеді, емделуден бас тартатын болса, заң бойынша жауапқа тартылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Венералық аурулар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}