Вена төрешілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вена төрешілері (1938-1940) - Германия мен Италия фашистік үкімет өкілдерінің Чехословакия мен Румыния жерінің едәуір бөлігін хортистік Венгрияға беру жөнінде Венада қол қойылған екі шешімінің аты. Бірінші Вена төрешілеріне Германия мен Италия Словакияның оңтүстік аудандары мен Закарапаттық Украинаны Венгрияға беруге Чехословакияны мәжбүр етті. Екінші Вена төрешілері бойынша Румыняға қарасты Солтүстік Трансильвания Венгрияның қарамағына өтті. Германия екінші Вена төрешілерінің қайшылығының шиеленісуін Венгрия мен Румынияны толық бағындыру үшін падаланды. Парижде өткен бейбтшілік шартарының нәтижесінде Вена төрешілері жойылды.<ref>Қазақ энциклопедиясы </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер