Вела Пеева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Вела (Величка) Пеева (Үлгі:Lang-bg; 16 наурыз 1922, Каменица, қазіргі Велинград қаланың кварталы - 03 мамыр 1944, Бялата-Скала маңы) - екінші дүниежүзілік соғыс уақытында болгар жастарының антифашисттік партизан қозғалысының қайраткері. Болгария халқының батыр қызы.
Пазарджик гимназиясында, 1941 жылы София университетінде оқыды. 1939 жылдан Жұмысшы жастар одағының, 1943 жылдан БКП мүшесі. 1942 жылы жазда Чеплин алабында соғысып жатқан антифашистік топқұрамында, 1943 жылы апрельде "Антон Иванов" партизан отрядында соғысқа қатысты. Пеева фашистермен ұрыста қаза тапты<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,178 бет</ref>.