Вебер-Фехнер заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вебер-Фехнер заңы - түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргіштің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі: Е = к log Р + С, (S = K lgi + С) мұндағы k мен c осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатын айырмашылықтарының субъективтік теңдігі туралы қосымша ұйғарымның негізінде неміс психологі және физиологі Г.Т.Фехнер тұжырымдады. Эмпириялық зерттеулер мұндай тәуелділікті тітіркендіргіштің қабылданатын мәндерінің диапазонының ортаңғы телімі үшін ғана қуаттайды. Вебер-Фехнер заңына, әдетте, бұл тәуелділік логарифмдік сипатта емес, дәрежелік сипатта болады дейтін Стивенс заңы қарама-қарсы қойылады. Вебер-Фехнер заңы бойыннша тітіркендіргіштердің күші геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туындайтын түйсіктер, арифметикалық жолмен өсіп отырады. Мұны Е = i / Р мұнда Е — сезгіштік, i — тітіркендіргіштер күші, Р — тітіркендіргіштер табалдырығының өлшемі. S=k log і+С мұндағы S — түйсіктің жиілігі, K —тітіркендіргіш күші, k, С — тұрақтылар (константалар). Бұл екі формуланы Ю.М.Забродин ортақ мәнге келтірген.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}