Вахид Юнусұлы Масудов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Вахид Юнусұлы Масудов (10 қазан 1959, Жамбыл, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және Қазақстан футболшысы. Жартылай қорғаушы. Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. КСРО спорт шебері (1986). Бапкерліктің "А" санатын иеленген<ref>Вахид Масудов получил категорию «А» Үлгі:Webarchive</ref>. «Алтай» футбол клубының бас бапкері.

Мансабы

Футболшы

Карьерасын Жамбылдың "Химик" командасында бастады. 1980 жылы "Қайрат" сапына өткен ғана бүкіл одаққа таныла бастады. Көп ұзамай-ақ алматылық клубтың капитаны боп тағайындалды.

1987 жылы Алматыда "Днепрдің" қақпасына соққан голы "Айдың үздік голдары" тізіміне енді. Бұрыштамадан әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай алыс бұрышқа дәл тоғытты. Бұл кезде есеп 1:1 болып тұрған еді. Масудовтың голынан соң "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

1990 жылы ғана "Қайраттан" кетіп, "Терек" клубына барды. Бірақ бір маусымнан соң тағы да "Қайратқа" оралды.

1993 жылы "Достық" футболшысы атанды. 1993-94 жылдары Германияның төменгі лигаларында ойнады. 1995 жылы "Ақтөбе" қатарын толықтырды.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрама сапында 1992-96 жылдары ойнады. 1992 жылы құраманың бірінші матчында (Түрікменияға қарсы, 1 маусымда) Талғат Байсуфиновтың орнына екінші таймда алаңға шықты.

Бапкерлік

Бапкерлік карьерасында 2001-02 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасын баптады. Ол команданы 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындады. Бірақ құрама сәтсіздеу ойнап, бірінші кезеңде Ирак құрамасынан тек доп айырмасы арқылы ғана артта қалды.

Масудовтың кезінде Ұлттық құрама бірінші рет еуропалық командамен ойнады. 2001 жылы 14 қараша күні сырт алаңда Эстониямен сынға түсіп, 0:0 есебімен тең түсті.

2018 жылы "Атырау" командасының бас бапкері боп тағайындалды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

  • Қазақстан чемпионы: 1992, 1995
  • Қазақстан кубогы: 1992, 1995, 1996/1997
  • КСРО футбол федерациясы кубогы: 1988

Бапкер ретінде

  • Қазақстан кубогы: 2008/09
  • Бірінші лига жеңімпазы: 2010

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер