Ватикан телевизиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ватикан телевизиясыВатикан - діни қала-мемлекет болғандықтан, бұл жердің барлық БАҚ-ы тек діни тақырыптарға сүйеніп, католик шіркеуін насихаттаумен айналысады. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

1949 жылдан бастап Ватиканда телеорталық іске қосылған.

TELEPACE - әлемге белгілі католиктік арна. Итальяндық тілде хабар тарататын бұл арнада эфир уақытының үлкен бөлігі апостол Петрдің мұрагеріне беріледі. Өзінің бағдарламалары, жаңалықтары бар, бірақ барлығы тек католиктер өмірі мен жағдайы жайында. Телеарнада тек тәрбиелік мәні бар кинофильмдер көрсетіліп, философиялық тұрғыда талқыланатын тақырыптары бар ток-шоулар жүргізіледі.

Ватиканның негізгі телеарналарының бірі қалалық CTV (итальяндык citta (қала). Толық атауы - CTV-Vatican Television Center. Негізінен аталмыш телеарна ресми хабар таратумен айналысады. Соның ішінде Рим Папасының жылына екі рет айтылатын жолдауы да бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}