Васильков алтын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көкшетаудағы “Васильков алтын” (“VASGOLD”) бірлескен кәсіпорны – кен байыту кәсіпорны.

Көкшетау геологиялық-барлау экспедициясының ізденісі нәтижесінде “Васильков алтын кентасы кеніші” 1963 ж. ашылған. 1966 ж. кеніштегі алтынды мақсатты түрде зерттеу басталды. 1976 ж. “Васильков кен байыту комбинатын салу жөніндегі” дирекция ұйымдастырылып, ол 1982 ж. “Васильков кен байыту комбинаты” болып қайта құрылды. Комбинат 1994 ж. ақпаннан бастап осы атпен аталатын ашық акционерлік қоғамға айналдырылды. Ол 2000 ж. тамызда “Флудгейт Холдинг Б.В.” (Нидерланд) компаниясының қатысуымен құрылған “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны ашық акционерлік қоғамы құрамына кірді. Васильков кенішінде кен қазу 1979 жылдан басталды. Бұл жылы 264,2 мың текше метр кен аршылды. Кентас өндіру ісі 1980 ж. қолға алынды. Алғашқы жылы 79,4 мың т кентас өндірілді, ал 1983 ж. кентас өндіру көл. 610,9 мың т-ға жеткізіліп, 4,5 кг тұңғыш алтын шығарылды. Васильков кеніші кен қоры жөнінен бірегей кеніштердің қатарына жатады. Алтынның жалпы есептелген қоры 360 т. Комбинатта қазіргі кезде катодты алтын өндіріледі, кеніштің тотыққан кентасын өңдеу жұмысы үйінді кентасты сілтіден айыру әдісімен жүргізіледі. Бірлескен кәсіпорында 2001 ж. 896,3 кг, ал 2002 ж. 900 кг алтын өндірілді. 749 адам жұмыс істейді (2003).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Васильков алтын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}