Василий Иванович Нортенко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әскери қайраткер

Нортенко Василий Иванович (17.3.1992, Украина, Днепропетровск облысы Васильков ауданы Чаплино кенті) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, литенант, 85-танк полкінің взвод командирі. Украин. Орта мектептен соң Днепропетровск дене шынықтыру техникумын, 1942 жылы Харьков танк училещесін бітірді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың наурызынан қатысты. Взвод командирі Н. Т-34 танкісімен 1945 жылы Польшаның Радом қаласының солтүстігінен 12 шақырым жерде орналасқан Едлиньск кентінде жаудың 13 танкісі мен 23 автокөлігін және бір рота әскерін жойды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді (24.3.1945).<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 562 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref> Соғыстан кейінгі жылдары Башқортостандағы Туймазы қаласында, одан соң Семей қаласында тұрды. Өмірінің соңын Алтай өлкесінде (Ресей) Краснощеково селосында өткізді. Ленин, 2 рет бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер