Василий Васильевич Антонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Василий Васильевич Антонов (29.7.1923, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов ауылы — 11.6.1984, Алматы), жазушы, аудармашы.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. ҚазМУ-ді бітірген (1951).

Алғашқы сатиралық әңгімелер жинағы “Шіркін, көпшілік-ай” деген атпен 1961 жылы жарық көрді. “Егер тірі қалсаңдар” (1961), “Таныс әйел” (1964), “Адассаң, артыңа зер сал”, “Ладоганың арғы жағында” (екеуі де 1966), “Соңғы сұрақ” (1967), “Тырналар” (1983) повестерінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік ерлік, тылдағы қажырлы еңбек, Отанға деген сүйіспеншілік суреттеледі, адамгершілік, бауырластық идеялары өзек болады. Ж.Тілековтің “Жоңғар даласында”, Ө.Қанахиннің “Дәмелі”, Ж.Босақовтың “Дүрбелең” романдарын орыс тіліне аударған.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары

  • Вот публика! Рассказы. А., ҚМКӨБ, 1961;
  • Если останетесь живы. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1962;
  • Знакомая женщина. Повесть А., «Жазушы», 1964;
  • Оглядись, если заблудился. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  • За Ладогой. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  • Последний вопрос. Повесть. А., «Жазушы», 1967;
  • Журавли. Повесть. Рассказы. А., «Жазушы», 1983.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}