Варварлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Варварлық -

  1. XIX ғ. қоғамтануындағы (Л.Морган, Ф.Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы орта дәуір (тағылық, варварлық, өркениет);<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
  2. астарлы мағынасында - әсіре қатыгездік, мәдениетсіздік. Ежелгі гректер мен римдіктер Варварлық деп түсініксіз тілде сөйлейтін барлық бөтен адамдарды атаған. Гегель айтқандай, варвар жалқау келеді және мәдениетті адамнан өзгешелігі алдына жайбарақат және топастықпен қарауында, өйткені мәдениет іс жүзінде әрекет етуге әдеттік пен мұқтаждық арқылы анықталады. Варварландыру деп әдетте, антиктік мәдениеттің біртіндеп құлдырауын, оның эстетикалық үлгілерінің қарапайымдалуын (схемашылдық және гигантомания), формализм мен эклектиканың өрістерін айтады. Б.з.д. III ғ. бастап провинциялардың романдануы басталды. Бұл римдіктердің жергілікті "варварлық" халықтардың арасында сіңіп кетуіне әкелді. Нақтылы алғанда, варварлық қоғамдық тұтастық пен тұлғаның арасындағы үйлесімділіктің бұзылуынан бастау алады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}en:Barbarian