Вануату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coor title dm Үлгі:Infobox Country Вануату РеспубликасыТынық мұхиттың оңт.-батыс бөлігіндегі аралдарда орналақан мемлекет.

Қысқаша мәлімет

Жер аумағы 12,2 мың км². Астанасы — Порт-Вила. Халқы 177,5 мың (1997). Негізінен, меланезиялықтар. Ресми тілдері: бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Халқының көпшілігі — христиандар. 1980 жылғы конституция бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық Ассамблея. Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (30 шілде 1980 ж.). В. — жанартаулардың атқылауы нәтижесінде пайда болған аралдарда орналасқан ел. Климаты ылғалды-тропикалық. Қысы-жазы орташа температура 20 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1000 мм. Аралдарда тропикалық ормандар өскен. Бұл аралдарды алғаш 17 ғ-дың бас кезінде португалдықтар ашқан. Кейіннен ағылшын теңізшісі Д. Кук зерттеп, оларға Жаңа Гебридтер деген ат береді. 1906 жылдан бастап аралдарды Ұлыбритания мен Франция бірігіп басқарды. 1980 ж. 30 шілдеде Британия достастығына кіретін тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Халқыныңlfdf 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Өнеркәсібі нашар дамыған. 1988 ж. Молекула және Экспириту-Санто аралдарында алмаз, алтын және күміс өндіріле бастады. Соңғы жылдары туризм тез дамып келеді. Жыл сайын 26 мыңнан астам туристер келіп қайтады. Жан басына шаққанда ұлттық табыстың орташа мөлш. 826 АҚШ доллары. Тегін білім беру жүйесі бар. Білім саласына ұлттық бюджеттің 40%-тен астамы жұмсалады (1998). В. блоктарға қосылмау қозғалысына, БҰҰ-на мүше. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Франция, Жапония, Нидерланд.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Countries and territories of Oceania Үлгі:La Francophonie