Вампир күнделіктері (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал

«Қансорғыш күнделіктері» (Үлгі:Lang-en) – Лиза Джейн Смит жазған кітаптар сериясы бойынша Кевин Уильямсон және Джули Плекпен құрастырылған, табиғаттан тыс, ғажайып тақырыптағы америкалық драмалық телехикая.

Сынамалы эпизод «The CW» телеарнасында 2009 жылы 10 қыркүйекте көрсетілді. 2 бөлім тұсаукесері 2010 жылдың 9 қыркүйегінде өткізілді. Ал 26 сәуірде The CW телехикаяны 3 сезонга созып, 15 қыркүйекте алғашқы эпизодын көрсете бастады. 2012 жылдың 3 мамырында созылған 4 бөлім 11 қазанда алғаш рет көрсетілді. 2013 жылдың 11 ақпанында шоу 5 сезонға, 2014 жылдың 13 ақпанында 6 сезонға , 2015 жылдың 11 қаңтарында 7 сезонға созылып, соңғы бөлім бірінші эпизоды 8 қазанда көрсетіле бастады.

Оқиға желісі

Оқиға табиғаттан тыс жаратылыстар өмір сүретін, Вирджиния штатының шағын қалашығы – Мистик Фоллста өтеді. Телехикая 162 жастағы Стефан Сальваторе (Пол Уэсли) атты қансорғышқа ғашық болған 17 жасар Елена Гилберттің (Нина Добрев) өмірі туралы. Стефанның ағасы Деймон Сальваторе (Иэн Сомерхолдер) інісінен кек алу үшін қалаға қайта оралғанда Елена мен Стефанның қарым-қатынастары күрделене түседі. Ағасы мен інісі де Еленаға бұрынғы махаббатары – Кэтрин Пирске сырттай ұқсастығының әсерінен ғашық болады. Ал Кэтрин болса, осы үштікке қатысты өзіндік жоспарымен қалаға кері оралады.

Шығарылуы

Алғашқыда Кевин Уильямсон шығарманың оқиға желісі өзге де оқиғаларға ұқсас деп танып, телехикаяны шығаруда аса қызығушылық танытпады. Дегенмен Джули Плектің талабымен романдар оқып, қызыға бастады: «Оқи келе, мен бұл оқиғаның сырттан қарағанда байқалмайтын сырға толы шағын қалашық туралы екендігін түсіндім.» Уильямсон негізгі назар орта мектепте емес, қала тарихында болатынын түсіндірді. Сынамалы эпизод Британдық Колумбия, Ванкувер қаласында түсірілді. Ал басқа эпизодтар ойдан шығарылған қалашық Мистик Фоллстың көшірмесі – Джорджия штатындағы Ковингтон қаласында түсірілген болатын. Алғашқы сезонның мықты рейтингтерінен кейін телехикая 2009 жылдың 21 қазанында толықтай 1 бөлімді аяқтады.

Актерлік құрам

Фильм кітап топтамасы бойынша пайда болғанымен, көптеген кейіпкерлер өзгерген. Ал кітаптың негізгі сюжеттік линиясы сақталған. 1 бөлімінен бастап, негізгі 10 кейіпкер таңдалғанымен, 2 кейіпкер шоудан шыққан болса, 1 еуі қосылды. Нина Добрев ең басты кейіпкерлердің бірі – Елена Гилбертті, Катерина Петрова ретінде белгілі негізгі антагонисттердің бірі – Кэтрин Пирсті және Сайластың 2000 жастағы ғашығы – Амараны ойнайды. Пол Уэсли Сайлас, Том және мейірімді, сезімтал қансорғыш рөлдерін ойнайды. Деймон – Стефанның қатыгез ағасы, телехикая басында антагонист болғанымен, кейінірек Еленаға ғашық болған соң қамқор және мейірімдірек бола бастайды. Бұл кейіпкерді Иэн Сомерхолдер ойнайды. Өзге әртістердің қатарына Еленаның інісі – Джереми Гилберттің рөлін ойнайтын Стивен Р.Маккуин да кіреді. Ал Сара Каннинг ойнайтын Джеремидің тәтесі – Дженна олардың қамқоршысы болып табылады. Дегенмен ол екінші бөлім соңында қансорғышқа айналған соң қайтыс болады. Катерина Грэхэм Еленаның мыстан құрбысы – Бонни Беннетты ойнайды. Кэндис Аккола екінші бөлімді қансорғышқа айналатын Еленаның жақын құрбыларының бірі –Кэролайн Форбсты ойнайды. Ал Зак Реригтің рөлі – Еленаның балалық шақтағы жолдасы және сүйген адамы Мэтт Донован. Майкл Тревино Джеремидің қарсыласы, Мэттің жан досы, Мистик Фоллстың әкімінің баласы және қасқыр адам – Тайлер Локвудты ойнайды. Оның жанұясының барлық мүшелерінде адам өлтіргенде байқалатын қасқыр адам гені бар. Кайла Юэлл Мэттің әпкесі және Джереми мен Тайлердің сүйген қызы – Вики Донованды ойнайды. Ол 1 бөлімнің 7 эпизодында Деймонның қансорғышқа айналдырып, Стефанның оны өлтіруінен қаза болады. Кейінірек Мэттью Дэвис те тарих мұғалімі, қансорғыштар аңшысы және Дженнаның ғашығы – Аларик Зальцман ретінде актерлік құрамға қосылды. Ал Джозеф Морган екінші бөлімде негізгі антагонист – Клаус ретінде қосылады.

АҚШтағы рейтингтер

2009 жылы 10 қыркүйекте тұсаукесері өткізілген телехикая The CW-ға 4,91 миллион көрермен құраған аудитория сыйлады. DVR қосқан соң сынамалы эпизод рейтингі ресми түрде 5,7 миллион көрермендерге жейін жетті. Төменде көрермендердің жалпы орта бағасы есептелген әр түрлі бөлімдердің кестесі көрсетілген. «Ранк» «Қансорғыш Күнделіктерінің» өзге телехикаялармен салыстырғандағы рейтингін көрсетеді.

Сезон Таймслот (ET/PT) Эпизодтар Тұсаукесер (Премьера) Финал Ранк Көрермендер
(миллион)
Дата Тұсаукесер (Премьера)
Көрермендер
(миллион)
Дата Финал
Көрермендер
(миллион)
Сезон 1 Бейсенбі

20:00

22 10 қыркүйек 2009<ref>«The Vampire Diaries: Season Premiere Preview». BuddyTV.com. Retrieved 2010-08-19.</ref> 4,91<ref name="TVBTN">Үлгі:Cite web</ref> 13 мамыр 2010<ref name="Season1" /> 3,47<ref name="ThursdayFinals513">Үлгі:Cite web</ref> #118<ref name="Season1" /> 3,66<ref name="Season1">Үлгі:Cite web</ref>
Сезон 2 22 9 қыркүйек 2010<ref name="CWPremiereDates">«The CW Network announces fall premiere dates». The CW. Retrieved 2010-08-19.</ref> 3,36<ref>Үлгі:Cite web</ref> 12 мамыр 2011<ref name="CWFinaleDates">«CW Primetime May Finales Dates Announced». SpoilerTV. Retrieved 2011-02-14.</ref> 2,86<ref>Үлгі:Cite web</ref> #193<ref>Үлгі:Cite web</ref> 3,17<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сезон 3 22 15 қыркүйек 2011<ref name="CW 2011 premiere dates">Үлгі:Cite web</ref> 3,10<ref>Үлгі:Cite web</ref> 10 мамыр 2012 2,53<ref>Үлгі:Cite web</ref> #166 2,81
Сезон 4 23 11 қазан 2012<ref name="futon">Үлгі:Cite web</ref> 3,18<ref>Үлгі:Cite web</ref> 16 мамыр 2013<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2,24<ref>Үлгі:Cite web</ref> #133<ref name="s4ratings">Үлгі:Cite web</ref> 2,97<ref name="s4ratings" />
Сезон 5 22 3 қазан 2013<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2,59<ref>Үлгі:Cite web</ref> 15 мамыр 2014<ref name="s5finale">Үлгі:Cite web</ref> TVbytheNumbers.Zap2it.com]</ref> #147<ref name="autogenerated1">Primetime TV Series 2013 Ratings & Rankings - Full List</ref> 2,68<ref name="autogenerated1" />
Сезон 6 22 2 қазан 2014<ref>ian somerhalder on Twitter: "So...Umm, you might want to Mark those calendars! #TVD season SIX premieres Thursday, қазан 2! #CWfallpremieres #TVDS6 Whoa,that was fast!"</ref> 1,81<ref>Үлгі:Cite web</ref> 14 мамыр 2015 1,44<ref>Үлгі:Cite web</ref> #160 2,25<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Номинациялар мен марапаттар

Бұл шоу марапаттау кезінде көптеген номинацияны иеленді. Халық көзайымына айналып "Халық тандауы" және "Teen Choice Awards" байқауында 7 рет марапаталып,оған қоса 2010 жылы "Жыл үздігі" кешінде 3 рет,және де үздік фантастикалық сериал марапттарына ие болып,"Үздік әртістер","Зұлым" номинациясын 2 рет иеленген.

Жыл Премия Категория Номинанттар Нәтиже
2010 Teen Choice Award 2010 «Жыл жетістігі; телехикаядағы әйел рөлі» Нина Добрев Үлгі:Жеңіс
«Жыл жетістігі: телехикаядағы ер рөлі» Пол Уэсли Үлгі:Жеңіс
«Жыл жетістігі: телехикая» Үлгі:Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая» Үлгі:Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая актеры» Пол Уэсли Үлгі:Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая актрисасы» Нина Добрев Үлгі:Жеңіс
«Зұлым» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Жеңіс
«Екінші дәрежедегі әйел рөлі» Катерина Грэхэм Үлгі:Номинация
Халық таңдауы 2010 «Сүйікті жаңа драмалық телехикая» Үлгі:Жеңіс
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Үлгі:Номинация
«Сатурн» премиясы «Телетрансляцияға арналған ең үздік телехикая» Үлгі:Номинация
2011 Teen Choice Award 2011
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая» Үлгі:Жеңіс
«Екінші дәрежедегі әйел рөлі» Катерина Грэхэм Үлгі:Жеңіс
«Екінші дәрежедегі ер рөлі» Майкл Тревино Үлгі:Жеңіс
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актеры» Пол Уэсли Үлгі:Номинация
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актеры» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Жеңіс
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актрисасы» Нина Добрев Үлгі:Жеңіс
«Зұлым» Джозеф Морган Үлгі:Номинация
«Ыстық әйел» Нина Добрев Үлгі:Номинация
«Ыстық ер» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Номинация
Қансорғыш Иэн Сомерхолдер Үлгі:Номинация
Қансорғыш Пол Уэсли Үлгі:Номинация
Қансорғыш Нина Добрев Үлгі:Номинация
Халық таңдауы 2011 «Сүйікті драмалық телехикая» Үлгі:Номинация
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Үлгі:Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Номинация
2012 Халық таңдауы 2011
«Сүйікті драмалық телехикая» Үлгі:Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Үлгі:Жеңіс
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Үлгі:Номинация

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер