Валюталық операциялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Euro symbol gold.svg
Валюталық Операциялар
Валюталық Операцияларвалюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі. ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық құндылықтарды меншіктену және т.б. құқыларының өзгеге берілуіне байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау; ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар. Ағымдық валюталық операциялар экспорт-импорттық сауда операцияларына (олардың төлемақыларын өтеуге, осы мақсаттар үшін кредит бөлуге), сондай-ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық қаражаттарын (зейнетақыларын, аударымдарды, т.б.) пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке кетіп қалуына душар етеді.<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

</ref> Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынуға тиіс. Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады. Ал, шұғыл В. о. кезінде мәміле жасалған мерзім ішінде (бір аптадан бес жылға шейін) төлем төленеді.

“Валюталық реттеу туралы” заңына сүйене отырып, ҚР Ұлттық Банкі 1994 ж. 24 қарашада республикада валюталық операциялар өткізудің ережелерін бекітті. Осы құжаттың қағидаларына сәйкес уәкілетті банктер мен айырбас пункттерін айналып өтіп, шет ел валютасын сату және сатып алу жөнінде жасалған мәмілелердің кез келгені заңсыз болып саналады. Валюталық операциялар жасау үшін заңи және жеке тұлғалар уәкілетті банктердің біріне валюталық есепшотын ашуға тиіс. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Валюталық операциялар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

el:Νόμισμα (Νομισματική μονάδα) mn:Валют oc:Divisa (moneda) sk:Mena th:สกุลเงิน