Валькирия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Valkyrie by Arbo.jpg
Валькириялар
Сурет:Helgi Hundingsbane and Sigrún by Robert Engels.jpg
Хелги мен Сигрюн. Robert Engels

Валькирия (Көнеисланд тілінен valkyrja — «өлгендерді таңдап алушы») — Герман-скандинав мифологиясында — соғыс алаңының үстімен ұшып жүріп, қаза болған батырларды таңдап алып жүрген жаужүрек батырдың қызы. Қаза болған батырлар аспандағы салтанат сарайы — Валгаллаға барады. Оның атының жалынан шық тамып, қылышынан жарық сәулесі жарқырайды.

Герман-скандинав мифологиясындағы валькириялар

Батыр-бикештер қылыштар мен дулығаларда мүйізді, кейде қанатты бейнеде қалқандары және найзаларымен салынған<ref>Эзотерлік анықтама</ref>. Кей наным-сенімдерге қарағанда қыздардың қару-жарақтарынан аспанда терістік шұғыласы пайда болады екен.

Валькириялардың міндеті — қаза тапқан батырларды Валгалаға жеткізу. Одан бөлек, валькириялар аспан әлемінде батырларға бал беріп, қызмет ететін <ref>Үлгі:Мифологиядағы Валгалла</ref>. Кейде валькирияларға соғыстың қорытындысын шығаруға ал кей кездері Одинаның тапсырмаларын орындаған. Аңыздарда валькириялар Одинның қыздары ретінде танылады.

«Жоғарғы Эдданың» батырлық жырларында валькириялар әйел-батырлардың бейнесінде көрінеді. Жырда олар Хельг және Велунд сынды батырлардың ғашықтары ретінде танылады. Валькирия Сигрдриваны (кейін Брюнхильдпен ұқсастырылды) Один тыңдамағаны үшін жазалап, оны ұзақ мерзімге ұйқыға жібереді (Валькирия енді соғыстарға қатыспай, күйеуге шығатын болды). Одиннің Валькирияны жазалағанының себебі: батыр қыз соғыстағы жеңісті Хьяльм-Гуннарға емес (Один оған жеңіс тағайындаймын деп уәде берген еді), Агнарға берген еді. Өте ұзақ ұйқысынан Валькирияны Сигурд деген атақты батыр оятады («Жоғарғы Эдда», «Сигрдриваның сөздері»).

Түрлі деректерге қарағанда, Валькириялардың саны тоғыз немесе он үш.

Атақты Валькириялардың есімдері төмендегідей:

  • Гель («Шақыртушы»)
  • Гейр («Найза»)
  • Гейрахёд
  • Гейрскёгуль
  • Гёндуль
  • Гондукк («Қаншық қасқыр»)
  • Гунн («Соғыс»)
  • Мист («Тұманды»)
  • Радгрид
  • Рандгрид («Қалқандарды бұзушы»)
  • Регинлейв
  • Рота («Дүрбелең себуші»)
  • Свава
  • Сигрдрива
  • Сигрюн
  • Скеггльёльд
  • Скёгуль («Борандатушы»)
  • Скульд («Қарыз»)
  • Труд («Күш»)
  • Хильд («Жауынгер»)
  • Хлекк («Соғыс дүрілі»)
  • Хьертримуль
  • Христ («Ғажап»)
  • Хьерфьетур («Соғыстың бұғаулары»)

Заманауи мәдениеттегі Валькириялар

Әуен

Әдебиет

Сурет:Schott's 1899 Walkure title.jpg
1899. Валькириялар

Дмитрий Емецтің «Мефодий Буслаев» циклында валькириялар жарық гвардиясы ретінде танылады. Валькириялар алғашында Пұт құдайларының қызметшісі болды, кейіннен жарықтың атарына шығады. Олардың жалпы саны 13 (12 валькирия және жалғызбасты валькирия):
1) Фулона — алтын найзалы валькирия (валькириялардың басшысы);
2) Ильга — күміс найзалы валькирия;
3) Бармия ( 7 кітапта оны Малара алмастырды) — қола найзалы;
4) Хола — мыс найзалы;
5) Таамаг — тас найзалы (14-ші кітапта қайтыс болады);
6) Ламина — ай найзалы;
7) Хаара — заһарлы;
8) Филомена —күл қылып жіберуші (9-кітапта қайтыс болды);
9) Сэнра — мұзды (автор тарапынан ұмытылып, 5-ші кітапта алынып тасталды);
10) Радулга — қорқынышты;
11) Бэтла —ұйқылы;
12) Гелата — қайта тірілтуші;
13) Ирка (валькириялардың арасындағы басты кейіпкер. Кейіннен 14-ші кітапта өлуге шақ қалады. Жалғызбасты валькирия Даша болады) — жалғыз найзалы валькирия.

Архитектура және шығармашылық өнер

Қанатты валькирияның суретін Санкт-Петербург қаласындағы жетінші Красноармейская, 5-ші үйдің құрылысынан көруге болады. Үйдің архитекторы – Евгений Грушецкий, салынған жылы — 1904.

Сурет:Heimdallr and valkyries by Frølich.jpg
Хеймдалр және Валькириялар
Сурет:Valkyrie (1834-1835) by H. W. Bissen.jpg
Валькирия, (1834-1835). Мүсіндеген - H. W. Bissen

Видеоойындар

  • Valkyrie Profile ойынында Христ, Леннет және Сильмерияатты апалы-сіңлілі валькириялар ойнайды.
  • Diablo II ойынында амазонка қызметші-валькирияны көмекке шақыра алады.
  • MMORPG Ragnarök Online ойынында Валькирия Саннгрид бастық болып ойнайды (орыс тіліндегі аудармада).
  • MMORPG World of Warcraft ойнында да валькириялар ойнайды.
  • Max Payne ойын серияларында Валькирин деп аталатын анаша бар. Осы нашаның кесірінен Макстың отбасы қайтыс болады.
  • StarCraft: Brood War ойынында Валькирия юниті бар.
  • Disciples II<ref>Disciples II</ref> ойнында ергежейлілер рассасында қарғыстарда валькирялар шақырылады.
  • Heroes of Newerth басты кейіпкерлердің бірінде Валькирия ойнайды (Valkyrie)
  • Правила Войны - ядерная стратегия! браузерлі ойынында «Валькирия » атты шабуылшы бар.
  • MMORPG Atlantica Online (евро нұсқа) Valkyrie атты жаңа өлшем пайда болды.
  • Call of Duty : Black Ops ойыныда «Валькирия» атты басқарушы ракета бар (орысша аудармада)
  • Warhammer 40000 әлемінде «Валькирия» әуеде шабуыл жасаушы көлігі бар.
  • Dungeon Lords ойынында «Валькирия» атты оқыту курсынан өтуге кеңес береді.
  • Freelancer ойынындағы Rheinland ұлтында қырып-жоюшы Валькирия қаруы бар.
  • MMORPG СrossFire ойынында Валькирия атты арнайы жасақ бар.
  • Call Of Duty : Modern Warfare 3 ойынындағы Берлиндегі оқиғада, АҚШ жауынгерлері әуе әскерін шақыртқанда, шақырушы ұшқыш әйел Валькирия болады.

Кинематография және анимация

  • Уэда Сигэру — Аниме UFO Princess Valkyrie
  • Ямомото Ясутака — Аниме Valkyria Chronicles
  • «Макс Пэйн» (ағылш. «Max Payne») — режиссёр Джон Мурдың триллері Max Payne ойнының негізінде жасалды. «Валькирия» нашасы адамзатты өлім жайлы ойлатып, адам өлтірушіге айналдырады.
  • «Операция „Валькирия“» (ағылш. Valkyrie) — режиссёр Брайан Сингер және басты рөлдегі Том Круздың ойнауымен түсірілген фильм.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер