Валерий Николаевич Яблочкин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Валерий Николаевич Яблочкин (2 ақпан 1973, Теміртау, Қазақ КСР) — КСРО және Қазақстан футболшысы, шабуылшы.
Карьерасы
1992-97 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнаған (екі ойын, бір гол: 1992 — Қазақстан-Өзбекстан, 1997 — Қазақстан-Пәкстан, гол).
Жарақатының кесірінен небары 25 жасында футболмен қоштасты. Соның өзінде алты рет клуб ауыстырып үлгерді. 1992 жылы "Қайрат" сапында Қазақстан чемпионы және Қазақстан кубогы иегері атанды да, Ресей клубтарына кетті. Футболмен қоштасқанша Қазақстанға оралған жоқ.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы: 1992
- Қазақстан кубогы: 1992