Валерий Алексеевич Тихоненко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Валерий Алексеевич Тихоненко (1964 жылы 19 тамызда ӨзКСР-інің Ангрен қаласында туған) — кеңес ресей баскетболшысы. Бойы — 207 см. 1988 жылдан бастап КСРО еңбегі сіңген спорт шебері. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы-оқытушы. 2011 жылдан бастап - «Астана» қазақ баскетбол клубының бас менеджері. Украин. Әкесі - Тихоненко Алексей Михайлович, марқұм, монтажшы болып жұмыс істеген. Анасы - Тихоненко Валентина Михайловна, үй шаруасымен айналысады.

  • 2000 жылдан - ≪ӘОСК≫ (Мәскеу), ≪Динамо≫ (Мәскеу), ӘӘК ОСК (Самара) командаларының баскетбол бойынша аға жаттықтырушысы.
  • 2002 жылдан – Филадельфиядағы Сан-Джозеф университетінде және ≪Даллас Маверикее≫ NBA баскетбол клубында машықтанушы. Қайтып келгеннен кейін ≪Динамо≫ (Мәскеу), ≪Самара≫ ӘӘК ӘОСК (Самара) баскетбол клубтарына басшылық еткен.
  • 2009 жылдан бері - Ресейдің баскетбол бойынша әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы.
  • ≪ӘОСК≫ (Мәскеу, 1985-1987, 1997-2000), ӘСК (Алматы, 1988-1990),
  • ≪Фелателико форумы≫ (Вальядолит, Испания, 1990-1991),
  • ≪Каха де Ронда≫ (Испания, 1991-1992), ≪Аргал Хуэска≫ (Испания, 1992-1993),
  • ≪Спартак≫ (Мәскеу, Ресей, 1993-1994),
  • ≪Арсенал≫ (Тула, Ресей), ӘӘК ОСК (Самара, РФ) - командаларының атынан жарыстарға қатысқан.
  • 1986 жылы ≪Атланте Хоукс≫ NBА клубының драфтында болған (АҚШ).
  • Олимпиада чемпионы (Сеул, 1988);
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1986, 1990, 1998);
  • Еуропа чемпионы (1985);
  • Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1987);
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (1989);
  • ≪Достық-84≫ халықаралық турнирінің жеңімпазы, КСРО, Ресей чемпионы (1997-1998, 1998-1999, 1999-2000).
  • КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (1988).

Үш мәрте РФ үздік баскетболшысы ретінде мойындалған. ≪Достық», «Құрмет белгісі≫, Халықтар достығы ордендерімен; ≪Еңбектегі озаттығы үшін≫ медалімен марапатталған. Әскери атағы - подполковник. Үйленген. Жұбайы - Тихоненко Виктория Львовна (1975 ж. т.). Ұлдары - Иван (1992 ж. т.), Марк(1998 ж. т.), Клим (2001 ж. т.), Глеб (2003 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub