Валерий Александрович Коробкин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Валерий Александрович Коробкин (2 шілде 1984<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/73988</ref>, Волгоград, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, қорғаушы.

Карьерасы

"Ротор" клубының түлегі. 2001 жылы карьерасын осы клубта бастады да, бірнеше жыл бойы Ресейдің ортанқол клубтарында доп тепті.

2012 жылы "Енисейден" "Астанаға" ауысты. "Астана" сапындағы алғашқы ойынын 20 маусымды "Ақ бұлаққа" қарсы өткізді, бұл Қазақстан кубогы матчы болатын.

Сол жылы Мировлав Беранек Александрды Ұлттық құрамаға шақырды. 12 қазан күні Аустрияға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2013 жылы құрама сапында сегіз матчқа қатысты.

2014 жылдың басында "Ақтөбеге" ауысты. 9 наурызда "Шахтерге" қарсы Қазақстан суперкубогында жаңа клуб сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2014 жылы 14 қазанда сырт алаңда Нидерланд құрамасына қарсы ЕУРО-2016 іріктеуінде алаңға шықты, бұл құрама сапындағы соңғы ойыны еді.

2016 жылдың басында "Атырауға", 2017 жылы қаңтарда "Қайсарға", 2019 жылдың басында "Ордабасыға" ауысты.

Жетістіктері

«Астана»
  • Қазақстан кубогы: 2012
«Ақтөбе»
  • Қазақстан суперкубогы: 2014

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер