Валентин Иосифович Антощенко-Оленев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (18.6.1900, Украинаның қазіргі Полтава облысы Зеньков қ. — 11.6.1984, Алматы) суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).

1926 — 28 ж. Мәскеудегі жоғарғы тех. көркемсурет шеберханасында оқыған. 1928 ж. Қазақстанға келіп газет-журналдар (“Советская степь”, “Еңбекші қазақ”, “Жаршы” мен “Әйел теңдігі”) редакцияларында жұмыс істеді.

А.-О-ның тарихи тақырыпқа жасалған “Әкелеріміздің жастық шағы” (1958), “Қамығу” (1959), “Бостандық және өлім” (1962) графикалары, “І.Жансүгіров” (1958), “П.Пикассо”, “О.Ренуар” (1962), “Ы.Жақаев” (1965), “А.-Х.Ярмухамедов” (1983) психол. портреттері және замандастар өмірінен алынған романтик. сипаттағы “Жарқырайды жаңа құрылыс оттары” (1960), “Мазар” (1964), “Қонаққа бару” (1964) атты линогравюр. шығармалары бар. Осы заманғы шығыс тақырыбына бірнеше топтама еңбектерін (“Хиуа”, 1965; “Ақындар”, 1969) арнаған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}