Вакуум сорғысы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Вакуум сорғысы (латынша: vacuum — бос) — газдарды аз мөлшерде сорып, жоғары деңгейге жеткізе сиретуді қамтамасыз ететін (0,2—0,3 атм.) газ сорғы. Өндірісте вакуум сорғысының су білезікті (ВВН), консольды (КВН), поршеньді, ротациялы, ағыншалық сорғы, жоғары вакуум алу үшін молекулалық және сынапты диффузиялық түрлері тараған. Мыс., су білезікті вакуум сорғы көлемдік сорғьшарға жатады. Су білезікті вакуум сорғысының ПӘК-і 20—30 пайыздан аспағанымен, қажетті мезгілде аз уақытта ғана жұмыс істейтіндіктен жеткілікті болып саналады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>