Бөріаяқ
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөріаяқ (Шытырақ Lycopus) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның барлық аймақтарында өсетін 2 түрі (Еуропа Б-ы, шытырақты Б.) бар. Биікт. 25 – 100 см. Төсемелі жуан тамыры бар. Сабағы төрт қырлы, тік аса қалың емес түктер мен ұсақ бездер жапқан. Жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді. Тостағанша жапырақтары 4 – 5 тісті, күлтесі тостағаншасына тең. Аталығы 4, бірақ жетілгені екеу. Гүлдері көп, ақ түсті, күлтебас гүлшоғырына топталған. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөріаяқ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}