Бөлу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөлу - берілген көбейтінді және көбейткіштердің біреуі бойынша екінші көбейткішті анықтауға арналған, көбейтуге кері амал; әдетте(:) белгісімен өрнектеледі; егер a * b = x болса(b≠0), онда a = x/b; кейде бөлу амалы қиғаш сызықпен (x/b) немесе көлденең сызықпен де (x/b) белгіленеді.

Бөлудің нәтижесі бөлінді деп аталады. Берілген көбейтінді (x) - бөлінгіш деп, ал берілген көбейткіш (b) - бөлгіш деп аталады.

Бөлуді қос нүктемен <<:>> белгілеуді 1202 жылы итальян математигі Пизалық Леонардо Фибоначчи (1180 - 1240) ұсынса, көлденең сызықпен <<->> белгілеуді 1633 жылы ағылшын математигі Уильям Джонс (1675 - 1749) ұсынған. <<Бөлу>>, <<бөлгіш>>, <<бөлінгіш>> ғылыми атауларын алғаш ұсынған француз математигі Орийактық Герберт (930 - 1003) болған.1202 жылы Пизалық Леонардо <<бөлінді>> ғылыми атауын ұсынған.<ref>Математика әлемі: жалпы орта білім беретін оқу орындарының (мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия. Нұрқанат Көбенқұлұлы</ref>

Дереккөздер

<references/>