Бөкеұлы Көжасар Жолдас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Бөкеұлы Көжасар Жолдас», жазушының очеркі. Отызыншы жылдары жазушыларға социалистік құрылыс, мал шаруашылығы, ауыл мәдениетін көркейту тақырыбында шығармалар жазу жөнінде қаулы қабылданған. 1935 жылы 2 наурызда болған кеңес Жазушылар одағы басқармасының 2-ші пленумында Горький көркем әдебиетті көркейтіп, шындықты дәріптеген саналы шығарма жазу үшін «Жазушылар әр жерде бәрін көріп, бәрібілетін болуы керектігі», халықпен бірге ауыл шаруашылығы арасында, егіс басында, құрылысшылар мен жұмысшылар арасында жүріп жазу керектігі туралы үндеу тастады. 16 наурызда Қазақстан өлкелік партия комитетінің 3-ші пленумында «Ауыл шаруашылығы мен ауыл мәдениетін көтеру» қаулысы қабылданды. 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық мерекесіне орай ленинградтық жазушылар ұйымынан арнайы топтастырылған, Леонид Соболев бастаған жазушыпар құрамы іссапарға шықты. Арасында М. Әуезов те болған бұл топ Қазан төңкерісінен бұрын ашылған Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы «Ақжал» кен өндірушілер ұжымында болады. Очеркте «Ақжал» кен руднигінің байырғы жұмысшысы, бұрғышы Бөкеұлының өмірі мен жұмысы және кеншілер еңбегінің жетістігімен танысқандығы жайлы сөз әдеті. Мақала «Социалды Қазақстан» газетінің 1935 жылғы 28 қазандағы санында «Мұхтар» деген атпен шықты. Қолжазбасы сақталмаған және еш жерде жарияланбаған. Жазушының 1972, 1984 жылдары басылған библиографиялық көрсеткіштерінде берілмеген. Шығарма жазушының елу томдық жинағының 13-кітабына енгізілді (10—11-беттер, 2004 ж.).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөкеұлы Көжасар Жолдас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}