Бәтима кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәтима кесенесі - XX ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қостанай облысы Аманкелді ауданы Екідың ауылының жанында орналасқан. Ауыр сырқаттан қайтыс болған қызы Бәтимаға әкесі Алыс құрылысшы Б. Мәжікбайұлына 1908 жылы салдырған. Ел арасында ғимаратты “Қыз тамы” деп те атайды. Кейін, 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, Доғал шайқасында қаза болған ағасы Мырзабек Бәтиманың қасына жерленген. Ғимарат бұрма күмбезді, биіктігі 7,20 м, іргесі шаршы пішінді (6,60 х6,40 м), қызыл кірпіштен қаланған. Алдыңғы қасбетіне салтанатты сипат беру үшін оның жоғары жағына биік төбежабын (портал) салынған. Төбежабынның жиек айналасына үш қатарлы кірпіштен бұғат қондырылған. Кіре берістегі есік ойығының маңдайшасы доғарылып өрілген арка. Қасбеттері түгел “П” әрпіне ұқсас оймышты қалыппен құйылған өрнекті кірпіштен құрастырылған жолақтармен безендірілген. Жолақтың шетіне қылбұраулы жиектеме берілген. Кейінгі кезде ауыл тұрғындарының күшімен Бәтима кесенесінің іргетасы бекітіліп, айналасына жақтау жасалған. Бүрмелі күмбездің жоғарғы беті цементпен сыланған.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәтима кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}