Бәтима Есмұратқызы Зауырбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәтима Есмұратқызы Зауырбекова 1946 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы Фурмановка ауы лында туған. Қазақ. Әкесі - Зауырбеков Есмүрат, марқүм, қызметкер болған Анасы - Зауырбекова Бибіхан, зейнеткер, халық шебері.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін(1969) қолданушы-суретші мамандығы бойынша; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері факультетін (1990) бітірген.

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. Суреттеу көркемөнер түрі - кескіндеме. Гобелен (суретті кілем) полотносы бойынша - Қазақстандағы бірінші әйел автор. 300-ден астам гобелендердің, соның ішінде көбі Қазақстандағы кәсіпқой қолданбалы-бейнелеу өнерінде өзіндік құбылысты бейнелейтін және әйгілі болып табылатын монументальді полотнолар авторы. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

1969 жылдан - шығармашылық жұмыста. Жұмыстары АҚШ, Канада, Ресей, Түркия, Франция, Швейцария, Қазақстан және т.б. мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақталуда. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы коллекцияларында (Алматы ), Президенттің мәдени орталығында (Астана). Отандық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысушы (1969 жылдан). Жеке көрмелері Алматыда (1995), Түркияда (Анкара, Стамбул, Анталия, Алания , 1997-2000), Швейцарияда (Лугано , 1999), Францияда (Париж , 1989-1991), Италияда (Милан , 1998), Иранда, ҚР Тұнғыш Президентінің мұражайында (Астана , 2008) табысты өтті. ҚР Сүретшілер одағының мүшесі. Ш Уәлиханов атындағы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980). КСРО, ҚазКСР, ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның

Еңбек сіңірген қайраткері (2004).

Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Еліміздің мәдени өркендеу қажеттілігін түсінетін және әр адамды түлға деп бағалайтын рухани дамыған мемлекет». Хоббиі - гүл өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - отандық классикалық әдебиет, суретші-импрессионистер туралы кітап.

Тұрмыста. Жұбайы - Шалабаев Сейітқали, Мәдениет қайраткері (2007), ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы дизайн және интерьер кафедрасының профессоры. ¥лы - Альфрад; қыздары - Алма, Елдана. Немерелері - Әсем, Этьен, Айша.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub