Бәлеңгі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәлеңгі - улы жәндік. Белгілі этнограф Ә.Диваев 1891 жылы Шымкент уезі қазақтарын аралаған кезде киіз үйдің жанынан бәлеңгінің інін көрген үй иесінің сақтық шарасын жасату үшін арбаушыны шақыртқандығын жазды. Арбаушы дұға оқи отырып, Сүлеймен пайғамбардың ұлы Дәуіт пайғамбарды, Қамбар баба сияқты қорғаушы күштерді шақырады. Арбаушының дұғасынан кейін де бәлеңгі інінен шықпаса, оның жүрісін ұшқан оқтың жылдамдығына теңеп, мақтау сөздер айта бастайды. Арбаушының дұғасы әсер етсе, бәлеңгі өз-өзінен бүрісіп өледі немесе інінен кетеді екен. Бәлеңгі шаққанда:

Келең-келең, келеңгер. 
Бауыры шұбар келеңгер, 
Үсті шұбар келеңгер, 
Тас төбеңнен түсермін 
Таң ұрғандай қылармын, 
Танауыңды тілермін. 
Шатты бұтты қызармын 

- деп арбаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәлеңгі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}