Бәлекей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәлекей - дөңестеу жағында ара қашықтығы біркелкі жонылып жасалған кертпелері бар, келесі жағы ішке сәл иілгендеу келген матаның қыртысын жазуға арналған ағаш құрал. Оқтауға біркелкі оралған дымқыл матаның қыртысын жазу, әрі суын сарқыту үшін қолданылады. Ол үшін әлгі оралған матаның сыртынан бәлекейдің кертпе жағымен ары-бері үйкелейді. Қазақ ортасына орыстармен этномэдени байланыс барысында келген бұйым. Ұзындығы үш-бес, ені бір-бip жарым қарыс шамасында, бір жағында ұстайтын сабы болады.

ҚР MOM қорындағы бәлекей тұтас ағаштан жонылып, кертіліп, сабы жұмырланып жасалған. Ағаштың орта бөлігі дөңес келген. Сабынан ұшына қарай жалпая түскен. Kip үйкеуге арналған көлденең кертпектері бар. Ұзындығы 71 см, сабы 11 см.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәлекей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}