Бәйіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйіт<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> - өлең-жыр және екі жолды өлең деген ұғымдарды береді. Бұл - араб, парсы және түркі тілдес халықтар поэзиясындағы қос тармақты, егіз ұйқасқа құрылған өлең түрі. Айтылар ой барынша тұжырымды болып келеді. Мұның өзі Шығыс поэзиясындағы шумақ жасаудың негізгі ұйтқысы. Осыдан ғазел, қасида, маснави, рубаят т. б. шығыстың өлең түрлері туындайды. Қазақ поэзиясында аударма шығармалар да кездеседі. Абай «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы...» деген өлеңінде: Әуелі аят, хадис - сөздің басы, Қосарлы бәйітсымал келді арасы, - дейді. Бұл жерде ақын «бәйітсымалды» өлең-жыр деген мағынада қолданған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}