Бәйтен Уәлиханұлы Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Бәйтен Уәлиханұлы Омаров (1927) – режиссер, киноактер, педагог, Қазақстанның халық артісі. (1987). 1948 жылы Алматы қаласындағы киноактерлер мектебін, ал 1954 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (жетекшісі И.В. Радун) бітірді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Спектакльдері

Омаров режиссер өнер жолын 1953 жылы тұңғыш рет Н.В. Гогольдің “Үйлену” комедиясын (қазіргі Атырау облысы драма театрында) қоюдан бастады. 1954 – 1989 жылы Семей облысы драма театрында, Ұйғыр мемлекеттік музыкалы комедия театрында, Қазақконцертте, Талдықорған облысы драма театрында бас режиссер болды. Ол А.Қаһардың “Ауру тістер”, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты”, Назым Хикметтің “Махаббат туралы аңыз”, Гогольдің “Ревизор”, Ә.Тәжібаевтың “Майра”, І.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә” (“Махаббат жолы”), т.б. спектакльдерді сахнаға сәтті шығарды. 1972 жылдан киноға түсіп, Бадмаев (“Жанталас”, 1972), Ақан (“Даладағы қуғын”), Бекбосынов (“Қосымша сауалдар”, екеуі де 1979), Генерал-губернатор (“Жылан жылында”, 1981) Махмұтов (“Алаң шетінде”, 1982), т.б. рөлдерді орындады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}