Бәдізші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәдізші - тастан қашап, қырнап, оймыштап түрлі бұйымдарды безендіруші, өрнектеуші шебер. Ертеден тас қалаушы, мүсін жасаушы арнайы шеберлер үй құрылысын әшекейлеуге де қатысқан. Құрылыс жұмыстары, тастан қашалатын ескерткіш-мүсіндер, күмбезді мазарлар мен сағана тамдар, балбалтас, құлпытас, бесіктас, қойтас, маматас, тағы басқа бәдізшілер қолымен жасалған. Диқандар ежелден қолданған шаңтас, тұлықтас, малатас, түйгіштас, диірмен-тас, салдауыр, тағы басқа көптеген бұйымдар, өндіріс құралдарын да бәдізшілер жасаған. Бәдізшінің құрал-саймандары: шойбалға, шапқы, шапқыбалға, қадаубас, емшекті балға, безеуіш, шекуіш, тісеуіш, сызғыш, тескіш, бұрғы, егеу, түрпі, қайрақ, зімпара, науысқы, тағы басқа. Қазіргі бәдізшілер автоген, электр ара, электр бұрғы, пневмоперфоратор, алмас диск, тағы басқа қуатты құрал-саймандарды қолданады.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәдізші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}