Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдердің халықаралық қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдердің халықаралық қоры – ақпарат құралдарында кызмет ететін әйелдердің рөлін көтеруді өзіне міндет етіп қоюы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

Егер журналист-әйелдер еркектермен бірдей қоғамдық мәні бар оқиғаларды жазуға мүмкіндік алмаса, онда ол баспасөзді тәуелсіз деп айтуға болмайды. Бұл қор оқулар, кездесулер мен семинарлар ұйымдастырады.

Жыл сайын "Журналистика саласындағы ерлігі үшін" жүлдесі қауіпті жағдайда өзін көрсеткен журналистерге беріледі. Тоқсан сайын ақпарат бюллетенін және 1000-нан астам қаламгер әйелдердің мәліметтері жинақталған анықтамалықты жыл сайын шығарады. Шығыс және Орталық Еуропа, Ресей, Африка, Латын Америкасы мен АҚШ журналист-әйелдеріне арнап бағдарламалар ұйымдастырады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}