Бұғышақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкалық аспап

Бұғышақ — көне саз аспабы. Маралдың немесе бұғының мүйізін үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығаратын тілше салынып жасалған. Ұзындығы 28 – 30 см. Бұғышақ бұрын да, қазіргі кезде де жайылымда жүрген маралдар мен бұғыларды бір жерге жинау үшін, көбінесе аңшылар мен бұғы, марал өсірушілер арасында жиі пайдаланылады. Өйткені, аспаптың үні марал мен бұғының дауысына өте ұқсас. Ел ішінде бұл аспапты “бұғы шақырғыш”, “бұғы сыбызғы” деп те атайды. Бұғышақтың әр түрлі шеберлер жасаған екі-үш нұсқасы түрлі музейлер қорында сақтаулы. Алтайлықтар бұл аспапты “абырға”, хакастар “пырғы” дейді.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, II том

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Қазақтың саз аспаптары