Бұғымүйіз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұғымүйіз , лепторабдус (Leptorhabdos) – сабынкөктер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы аймақтарда, өзен бойларында, құмдарда, ормандар арасында, арамшөп ретінде егістіктерде өсетін 1 түрі – ұсақгүлді Б. (L. parvіflora) бар. Биікт. 18 – 130 см. Сабағы тік, төрт қырлы. Жапырақтары сабақтың төм. бөлігіндегілері жұмыртқа тәрізді, сабақ бойындағылары қауырсынды тілімденген. Тостағанша жапырақтары бес тілікті, күлтесінің пішіні түтік сияқты, қызғылт не ақшыл көк түсті. Аталығы төртеу. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – домалақ қорапша. Тұқымы жылтыр, бір ұяда 1 – 2 тұқым болады.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұғымүйіз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}