Бұтақсай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Бұтақсай өзені<ref>Орталық Қазақстанның жер-су аттары</ref> – Торғай алабындағы өзен. Қостанай облысының Амангелді ауданы, Тасты ауылдық округі жерімен ағады. Ұзындығы 21 шақырым.

Сипаттамасы

Географиясы

Қарынсалды аулының оңтүстігінен 10 шақырым жердегі бұлақтардан бастау алады<ref>Топографиялық карта M-42-07</ref>. Бастауының биіктігі — теңіз деңгейінен 265 метр. Өзен негізінен бастысқа қарай ағады. Арнасы тар, кей жерлері 7-8 метрге жетеді. Жағалауы шалғынды, бұталар, шөптесін өсімдіктер өседі. Қорегі жауын-шашын. Көктемде арнасы тасып-толады. Төменгі ағысында Қарынсалдыға қатынайтын автомобил жолын кесіп өтеді. Горняк ауылынан төменде Қарынсалды өзеніне сол жағынан құяды. Сағасының биіктігі — 173 метр.

Ұсақ 5-6 саласы бар. Оның көбі жаз айларында тартылып қалады.

Суы егін және мал шаруашылығына пайдаланылады. Кеңес дәуірінде Қарынсалды кеңшарының егіс даласындағы бригадаларының №1 бекеті Бұтақсай өзенінің жағасында орналасты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет

  • КСРО су ресурстары. 13 том. Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 1 шығарылым. Орталық Қазақстан / ред. К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1965. — 168 бет

Үлгі:Бастама