Бұрқанбұлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox waterfall БұрқанбұлақҚазақстан Республикасы Алматы облысы Ескелді ауданы Жоңғар Алатауындағы ең бір шұрайлы Қора өзенінің (Текелі қаласынан жоғары) шатқалында орналасқан, Орталық Азиядағы ең биік сарқырама. 4 құлама судың суммалық (каскад) биіктігі 168 м, ал көрінетін бөлігі – төменгі үш құлама суы (каскад) -114 м. Ол 125 метрдей адам аяғы баспайтын құз басынан құлақ тұндыра күркірей,тонналаған мұзды су құлай ағатын жұмбақ құбылыс. Қарақошқыл гранит құздан мөлдір моншақтай құбыла төгілген ағыстан көк жасыл мүк басқан құз жартас қалың су тозаңы арасынан сарқыраманың бүкіл бойында кемпірқосақтың түсімен құлпыра ойнайды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер