Бұрғылау журналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұрғылау журналы Бұрғылау ұңғымасын бұрғылау барысы түгелімен жазылып отыратын ең басты құжат. Бұрғылау нүктесінде бұрғылау шеберінің қолымен толтырылады. Бұрғылау журналы бұрғылаудың өте құңды деректік құжаты болып табылады. Ол бұрғылау жұмыстары біткенге шейін бұрғылау қондырғысы басында сақталады да, кейін әдейі жасақталған құжатханаға тапсырылады. Бұрғылау журналына тіркелуі тиіс мәліметтер: ұңғыманың бірөтпе (проходка) аралықтарының тереңдіктері, бұрғылау теспетемірі (наконечник) және оның диаметрі, ұңғыма шегені, жуғыштау сұйығының құрамы және шығыны, бұрғылау оқпаны тесіп өскен таужыныстар мен пайдалы қазбалардың атауы және қалыңдығы, бұрғылау тасбағанының шығымдылығы, ұңғымадағы жерасты суының беткі деңгейі т.с.с.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}