Бұрлық (көне зират)
Бұрлық – көне зират, Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Шал ақын ауданы, Социал ауылынан оңтүстік батысқа қарай 3,5-3,6 км жерде, Иман-Бұрлық өзенінің Есілге құяр тұсында орналасқан.
Сипаты
1967-68 жылдары С.Я. Зданович зерттеген.
Зираттағы 40-қа жуық топырақ обалар мен қоршаулар жалпы ұзындығы 1 км жерге шашырай орналасқан. Қазылған 15 обадан алынған деректер зираттың қола дәуіріндегі Андроново мәдениетінің Нұра кезеңіне (б.з.б. II-мыңжылдықтың 2-жартысы) жататынын көрсетті. Адам мүрделері бүгілген күйі оң бүйіріне жатқызылып, басы күнбатысқа қаратып жерленген. Өртеп жерлеу ғұрпы да кездеседі. Қабірлер топырақтан үйілген.
Қазба барысында қыш ыдыстар, қола бұйымдардың қалдықтары, моншақ, т.б. табылды. Қыш ыдыстар Андроново мәдениеті кезеңінің ыдыстарына ұқсас. Заттай деректер осы өңірді мекендеген тайпалардың Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал өңірлерін мекендеген андрондықтармен мәдени-тұрмыстық сабақтастығын дәлелдейді.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Әдебиет
- Зданович С.Я., Могильник эпохи бронзы Бурлук-1, В кн.: По следам древних культур Казахстана, А.-А., 1970;
- Зданович С.Я., Бронзовый век Урало-Казахстанских степей, Свердловск, 1988.