Бұралқы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің мәліметі бойынша бұл сөздің екі түрлі мағынасы бар:

  1. Қаңғыған иесіз ит. Үлгі:Дәйексөз (3. Шашкин, Ұядан ұш.).
  2. Сырттан келген бұратана адам. Үлгі:Дәйексөз (М. Әлімбаев, 666 мақал).


Қазақ тілінен басқа «бұралқы» сөзін «буралкы» тұлғасында қырғыз тілінде айтылатынын көреміз. Мағынасы — әлсіз, жетілмеген, арықтап біткен.

Басқа түркі тілдерінен мағынасы мен тұлғасы сәйкес келерлік сөзді кездестіре алмадық. Сондықтан сөз төркінін өзге топтағы тілдерден іздестіруге бет қойдық.

моңғол тілінде әлсіз, нашар, қуатсыз мағынасын «буурай» тұлғасындағы, ал «әлсіреу» дегенді «буурах» сөзі білдіреді. моңғол тілінде бұл тұлғалардың түбірі «бяр» болады да, ал мағынасы бізше «күш» дегенді ұғындырады. Осы түбірге сол тілге тән бір нәрсенің жоқтығын білдіретін -гүй қосымшасы жалғанғанда «бяргүй» тұлғасына дейін өзгеріп, күшсіз, әлсіз, қуатсыз дегендерді ұғындырады. Осы соңғы тұлға қазақ тіліне ауысқаннан кейін дыбыстық өзгерістерге душар бола отырып «бұралқы» (бяргүй => биаргү => бирагу => бүралгу => бұралқу => бұралқы) қалпына дейін жеткен болса керек деген жорамалдамыз. Қаңғыған жан иесінде күш, қуат бола бермейтінін еске алсақ жорамал ойға сиымды, көңілге қонымды көрінеді. Сонда «бұралқы ит» дегенді басқаша айтсақ — әлсіз, күйсіз ит болмақ. Оның адамға қолданылуы — бейнелеуден туған, ауыспалы мағына әсері.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}