Бұлшық ет сезімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаңқа бұлшық етінде бұлшық ет жиырылғанда және жазылғанда қозатын арнайы бұлшық ет рецепторлары болады. Бұл рецепторлар сезім қызметін атқарады.

Сезімнің маңыздылығы

Адам бұлшық ет сезімінсіз бірде - бір үйлесімді қимыл жасай алмайды. Пианинода ойнаушы, скрипкашы, хирург, шофер және көптеген басқа мамандық иелерінде бұлшық ет сезімі маңызды рөл атқарады. Адам көрмей, соқыр болып қалғанда бұл сезім күшейеді. Ғарышкерлер үшін ұзақ уақыт ұшу кезінде салмақсыздық күйінде бұлшық ет жүктеме алатын тренажер кешені қарастырылған.<ref>Биология:Адам. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / Е. Очкур, Л. Аманжолов, Р. Жұмабаев. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2008. — 240 бет, суретті.. ISBN 9965-36-557-1</ref>

Дереккөздер

<references/>