Бұлақты (Ақтөбе облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Бұлақты (2008 жылға дейін – Родники)<ref>Мұғалжар ауданының Родники селосын Бұлақты ауылы деп қайта атау туралы</ref> — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ауыл, Егіндібұлақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Жем өзенінің оң жағасында, аудан орталығын - Қандыағаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 79 км-дей, облыс орталығы - Ақтөбеден 150 км-дей қашықтықта орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1199 адам (602 ер адам және 597 әйел адам) болса, 2009 жылы 678 адамды (333 ер адам және 345 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 390 адамды (218 ер адам және 172 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Ілкіде мұнда №52 жылқы зауыты, Төлеубұлақ, Егіндібұлақ ұжымшалары болған. Жер көлемі - 384315 га, егістігі - 20000 га. Аудан орталық көтерме жол бар.

Мұнда 1981 жылы 119 трактор, 65 машина, 53 комбайн, 523 жылқы, 2137 мүйізді ірі қара, 41424 қой болды. Негізгі бағыты - мал, егін шаруашылығы. 1981 жылы 100 сиырдан - 76 бұзау, 100 саулықтан - 87 қозы, 100 биеден - 100 құлын алынды. 219443 ц астық жиналған. Кезінде 23 адам КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталған.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы техника шеберханасы, типтік орта мектеп, интернат, клуб, кітапхана, аурхана, бала бақша болған. Жаңа экономикалық реформаға байланысты мұнда 3 АҚ серіктестігі, 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Ірі елді мекендері

Борлы, Былқылдақ, Миялыкөл, Қамыстыкөл.

Өзендері

Жем, Жалаңаш, Құндызды, Ащысай, Әулие, Теректі, Жанай, Ақтікен, Қосымсай, Өтеміс, Борлы, Байбек, Шилі.

Көлдер

Соркөл, Шыбындыкөл, Қаракөл, Жаркөл, Қамыстыкөл, Тұздыкөл.

Биіктіктері

Жамантас, Майбұлақтау, Байнысай, Тымабұлақ, Ақтасты, Қаратау, Дәутау, Сүйіндіктай, Ипантау.

Сирек кездесетін шөптер

Ауыспалы қау, ақ тұңғиық, борщов қызғалдағы, берік сүттіген, Талиев гүлкекіресі, комаров жоңышқасы, тегеурін гүл.

Аң-құстар

Қарақұйрық, шұбар күзен, балықшы, дуадақ, сұңқылдақ аққу.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мұғалжар ауданы елді мекендері