Бұйра көбелек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Lymantria.dispar.7360.jpg
Бұйра көбелек

Бұйра көбелек (Lymantrііdae Оrgyіdae) – түнгі көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығының зиянкесі. Жер шарында кең тараған, әсіресе, Азия мен Африканың тропиктік ормандарында тіршілік ететін 3000-дай түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Бұйра көбелектер қанатын жайғанда денесінің ұзындығы 25 – 70 мм. Тұмсығының қалдығы қалған немесе жойылған (көбелектер қоректенбейді). Бұларда жыныстық диморфизм (аталық және аналық арасындағы айырмашылық) айқын байқалады. Кейбір түрлерінің аналықтары қанатсыз. Бұйра көбелектер талдар мен жеміс-жидек ағаштарын зақымдайды. Негізінен Жұлдызқұрттары сирек жұмыртқалары мен қуыршақтары қыстап шығады. Олар маусым, шілде айларында ұшып шығып, ағаш діңдеріне, жапырақтарына жаппай жұмыртқа сала бастайды. Бір аналығы 1000-нан аса жұмыртқа салады. Олардың түкті Жұлдызқұрттары жемір келеді. Бұйра көбелеккөбейіп кеткен жылдары жеміс-жидек, тал ағаштарының жапырақтары түсіп, қурап қалады. Күрес шаралары: көктемдегі бақтардағы ағаштарға инсектицидтер шашу қажет.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйра көбелек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}