Бұзақылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұзақылық<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> — әлеуметтік ортаға нұқсан келтіретін өрескел қылық. Ол азаматтарға зорлық көрсету, қорқытып-үркіту, сол сияқты өзгенің мүлкін жойып жіберу не бүлдіру, не аса қатыгездікпен бейбастақ әрекеттер жасау арқылы әлеумттік ортаны сыйламаушылықтың көрінісі болып саналады. Арнаулы заңдарда Бұзақылықтың түріне және қауіптілік дәрежесіне қарай жаза тағайындау көзделген. Оның өрескел және аса өрескел түрлері болады. Бұзақылықғы үшін азаматтар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай өрескел қылықтар мылтықты, газбен атылатын қаруды, пышақты, кастетті және адам өміріне зардап үшін әдейі жасалған, т.б. қару-жарақтарды қолдану не қолдануға тырысу арқылы жасалуы да мүмкін.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Бастама