Бұзаутаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Trichophyton rubrum var rodhaini.jpg
Бұзаутаз құрттары

Бұзаутаз (Trіchophytіa) — малдың барлық түлігінде кездесетін жұқпалы тері ауруы. Онымен адам да ауырады. Терінің жүні қырқылып түсіп, орынында іріңді-сулы қалың қабыршақтар пайда болып, үгітіліп тұрады. Аурудың қоздырғышы айыртұяқтылардаTr. verrucosum, жылқыдаTr. equіnum, ал ит-мысықтарда, аңдарда, кеміргіштердеTr. gypseum атты саңырауқұлақтар. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді келеді, жүн-қылшықтың арасында 6 — 10 жыл, малдың қиында 3 — 8 ай, топырақта 140 күнге дейін сақталады. Ультракүлгін сәуле және қайнату процесі оларды 2 мин-та, күйдіргіш натрийдің, карбол қышқылының, формальдегидттің 1 — 3-тік ерітіндісі 15 — 30 мин-та өлтіреді. Бұзаутаз дені сау малға ауру малдан, сондай-ақ, құрал-сайман арқылы жұғады. Ауруға, әсіресе, жас мал тез шалдығады. Бұзаутаздың өршуіне малдың бағым-күтімінің нашарлығы, жем-шөптің құнарсыздығы, тұрған жерінің ластығы әсер етеді. Ауруды эпизоотологиялық мәліметтер мен клиникалық белгілеріне қарап ажыратады. Қажетті жағдайда терісінің зақымданған жерінен қырынды алып лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Ауру малды бөлек қораға оқшаулап вакцина егеді. Зақымданған жерлерін 5 — 10-тік салицил майымен, 10-тік йод тұнбасымен, карбол қышқылымен, йодоформ препаратымен және “Үшвак”, ЛТФ-130, СП-1 вакциналарымен емдейді.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұзаутаз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}