Бүрғылау тасбағаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүрғылау тасбағаны – құбырлы бұрғылау барысында бұрғылау ұңғысының (кұбыр оқпанының) көмегімен жер қойнауларынан көтеріліп алынатын тау жыныстарының цилиндр пішінді бағаны <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Бүрғылау тасбағаны өте маңызды геологиялық кұжат болып табылады, себебі оны зерттеу жер қыртысы қойнауларының геологиялық ерекшеліктері жайлы нақтылы деректер ұсынбақ. Бұрғылау барысында алынған тасбағандар ұзындығының бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен бүкіл қима калыңдығына қатынасы (процент өлшемімен) тасбаған шығымдылығы деп аталады.

Тасбаған шығымдылығының 100% болуы өте сирек кұбылыс, алайда осы көрсеткіштің 60—70%-тен кем болуы жарамсыз деп табылады. Жер қыртысының бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен қимасындағы тау жыныстары неғұрлым қатты да бірегей (тастақты) болса, тасбаған шығымдылығы да солғұрлым жоғары болмақ. Борпылдақ жыныстардан тасбаған алу мүмкіндігі жоққа тән.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}