Бүршікті дәнел
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бүршікті дәнел (Aldrоvanda vesіculosa) – шықшөптер тұқымдасының дәнел туысына жататын көп жылдық өсімдік. Жайық, Сырдария, Іле өзендерінің төменгі ағыстарындағы тұщы суларда немесе ағысы баяу сулардың бетінде қалқып өседі. Жіп тәріздес сабағының ұзындығы 5 – 15 см. Сағағы бірте-бірте кеңейе келеді де, оған дөңгелек пішінді 2 жақтауы бар жапырақтары 6 – 9-дан шоғырлана орналасады. Бүршікті дәнел – жәндіктермен қоректенетін өсімдік. Жапырақ сыртын өте сезгіш түктер жауып тұрады. Егер жапырақ үстінеқ ұсақ жәндіктер қонса, түктер оларды ұстап жабыла қалады. Ақ түсті гүлдері бір-бірден жапырақ қолтығына орналасады. Вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Шілдеде гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – ашылмалы қорапша. Бүршікті дәнел өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүршікті дәнел|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}