Бүркеме дақыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркеме дақыл — ауыспалы егіс жүйесінде негізгі дақылмен бір танапта қосымша егілетін, өсімдік көгін бүркеп қорғаушы дақыл. Бүркеме дақылға өсіп даму кезеңі қысқа, танапты ерте босататын дақылдарды таңдап алады. Бүркеме дақылға — күздік бидай, қара бидай және жаздық бидай, сұлы, арпа жатады. Бүркеме дақыл ретінде көп жылдық немесе бір жылдық өсімдіктер себіледі. Жабын (үстеп себілген) дақыл өскіні көлеңкеге төзімді, даму кезеңінің басында баяу өсетін негізгі дақыл өсуіне кедергі жасамайтын болуы керек. Мысалы, жоңышқа мен астықты бірге еккен кезде астық жоңышқаға бүркеме болады. Жабын дақыл ретінде бұршақ және астық тұқымдастары (қызылбас беде, жоңышқа, эспарцет, қарабас шалғын, бетеге, еркекшөп, көп жылдық бөрібұршақ) пайдаланылады. Үстеп себілген көп жылдық шөптесін өсімдіктер жақсы өсуі үшін Бүркеме дақылды піскен бойда орып, егістіктен тасып әкетеді. Шаруашылықтарда алғашқы жылы негізгі дақыл өнімін жинаса, келесі жылдары үстеп егілген дақыл өнімін жинайды. Соның нәтижесінде шаруашылықта жемшөп қоры молаяды әрі топырақта азот көбейіп, топырақтың эрозияға шалдығу қаупі азаяды. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркеме дақыл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}