Бүйірлік каротаждың зондылау қисық сызығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүйірлік каротаждың зондылау қисық сызығы. Бүйірлік каротаждың зондылау кешені көмегімен өлшенген, көріністі меншікті кедергі мөлшерінің зонд ұзындығына қатынасын сипаттайтын қисық сызық. Көріністі меншікті кедергінің қандай түрі тұрғысынан анықталғандығына байланысты, аталған қисық сызықтар нақтылы, жедел көріністі және теориялық болып үш түрге жіктеледі. Нақтылы қисық каротаждың диаграмманың ең көлемді қойнауқат тұсынан өлшеніп алынған орташа көріністі меншікті кедергі негізінде тұрғызылады. Еқ көлемді қойнауқат тұсында сөз болған кедергінің ең көп және ең аз мөлшері өлшеніп алынған жағдайда, солардың көмегімен зондылау дың жедел көріністі қисық сызығын тұрғызуға болады. Теориялық қисық сызықтар теориялық зерттеулер мен есептеулер негізінде немесе электро-интеграторларды пайдалана отырып пішімдеу жолымен тұрғызылады. Бұл қисық сызықтар әдейі жасақталған бүйірлік каротаждың зондылау палеткаларына топтастырылған. Бүйірлік каротаждың зондылау қисық сызықтарын танымалдау, оларды теориялық қисық сызықтармен салыстыра саралау, сөйтіп танымалдану сызығының қандай теориялық қисық сызыққа дәл келетіндігін анықтау шаралары көмегімен жүзеге асады. Бір-біріне дәл келген осы екі қисық сызықтар ортақ параметрлерді сипаттайды деп есептелінеді. Мұның негізінде койнауқаттың меншікті электрлік кедергісі ақықталады, ал кірігу белдемі көрініс берген жағдайда осы белдемнің меншікті кедергісі, сүзбенің қойнауқатқа кірігу тереңдігі және осы кірігудің сипаты анықталатын болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}