Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар-Алуан түрлі қозғалыстардың арасында дененің кез келген тең уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы,поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей уақыт аралықтарында естіледі. Сондай-ақ терезеден қарағанда километрлік (немесе телеграфтық) бағандар да бірдей уакыт аралықтарында тұсымыздан өтіп, артта қалып жатады. Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен спортшы жүгіру аралығының орта тұсында бірқалыпты козғала алады.
Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады. Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі.Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын кысқарак жол жүреді. Автомобиль мен конькиші де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапкы кезі мен соңында тең уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 1. 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады.
Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бакылайык. Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның козғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уакыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара кашықтықтары бірдей емес. Демек, Бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес козғалады. Осы козғалыстардың салыстырмалы көрінісі.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Механикалық қозғалыс- дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеріс.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub