Бірінші топтағы заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірінші топтағы заттар әрбір килограмм суға шаққанда граммен өлшенетін немесе промилл (‰) өлшемімен (мыңнан бір бөлігі) есептелетін ең көп мөлшерде кездесетін заттар. Олар судың тұздылығын айқындайды. S‰ таңбасымен белгіленетін судың тұздылығы — теңіз суының физикалық қасиеттерін (тығыздығы, қату температурасы, дыбыс жылдамдығы және т.б.) айқындайтын сипаттама. Оның мөлшері булану, құйылған тұщы су, мұз еру, мұз қату секілді физикалық процестерге де тәуелді. Түздылық — теңіз суының аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Қоспалардың екінші тобын — мұхит массасымен салыстырғанда, өте аз мөлшерде кездесетін (10~3— 10"6‰), ал бірақ әлемдік мұхиттағы жалпы мөлшері миллиондаған тоннамен өлшенетін элементтер (мыс., уран, алтын және т.б.) құрайды. Қоспа заттардың үшінші тобына — ағзалардың тіршілік процесіне қажетті азот, фосфор, кремний және басқа элементтердің қосындылары жатады. Сол себепті оларды биогенді заттар деп атайды. Олардың мөлшері әр текше метр суға шаққанда миллиграммен (мг/м3) өлшенеді, яғни тұздылыққа қарағанда, миллион есе бөлшек бірлікпен өлшенеді. Бұл заттар судың физикалық қасиеттеріне әсер етпейді, ал олардың мөлшері жөне арақатынастары тіршілік- тегі биохимиялық процестермен анықталады. Заттардың төртінші тобы — газдар (оттек, азот, күкірт, сутекжоне т.б.). Олар бір литр суға миллиграммен (мг/л) өлшенетін мөлшерде болады. Олардың мөлшері физикалық факторлармен де (температура, қысым, түздылық) және биологиялық факторлармен де тікелей байланысты. Бұлардан өзге, теңіз суында еріген, коллоид түріндегі органикалық заттар, құрлықтан тасымалданған материалдар немесе өлген ағза қалдықтары және бактериялардан балықтар мен сүтқоректілерге дейінгі тірі ағза түріндегі механикалық қоспалар (жүзбе) болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бірінші топтағы заттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}